Өмірбаяны

Кайрлиев Серік Ерболатұлы 1986 жылы Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Қурайлысай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәдениет және өнер» факультетін аяқтаған. 2017 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын «Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония» МКҚК-ның «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің артисі болып бастаған. Әр жылдары Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-нің «Алау» балалар аула клубының үйірме жетекшісі, «Жастар мәдениет үй» МКҚК-нің «Оралым» фольклорлық ансамблінің артисі, «Қалалық мәдени-ағарту бірлістігі» МКҚК-нің көркемдік жетекшісі, «Жастар мәдениет үй» МКҚК филиалының «Салтанат сарайының» көркемдік жетекшісі, «Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-нің директоры болып қызмет етті. Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін «Жастар мәдениет үй» МКҚК-нің директоры қызметін атқарды.