Есептілік

Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің

2018 жылда атқарылған жұмыстары туралы есебі.

 

Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрамына төмендегідей мекемелер мен кәсіпорындар кіреді:

-   бір мемлекеттік мекеме:

● орталықтандырылған кітапхана жүйесі (ОКЖ) 19 бөлімшесімен;

- бір мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын:

● Қалалық мәдениет және демалыс саябағы;

-  үш мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын:

●  Жастар мәдениет үйі;

●  Мәдени-ағарту бірлестігі бөлімшелерімен.

● «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы

 

Өзінің жұмысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен оған қарасты мекемелер мен кәсіпорындар Қазақстан Республикасының “Мәдениет туралы” Заңын және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын басшылыққа алады.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, қаланың барлық мәдениет  мекемелерінің негізгі жұмысы халықты мәдени-демалыс қызметімен кең көлемде қамтуды жүзеге асыруға, кәсіби және көркемөнерпаздық шығармашылықты дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызуға, халықтың жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі шығармашылық қабілеттерін айқындауға, олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін ұлғайтуға негізделген, тұрғындардың лингвистикалық капиталын сақтауға арналған жұмыстарды тұрақты атқарып келеді.

2018 жылдың мәдениет мекемелерінің материалдық базасын нығайту жұмыстары жалғасын тапты. Мәдениет нысандарын қаржыландыруға бюджеттік қаржыландырудан 727895,0  мың теңге бөлінді. Тұрғындарға қаржылай қызмет көрсетуден 68866,7 мың теңге келіп түсті.

 (2017 жылы мәдениет нысандарын қаржыландыруға  бюджеттік қаржыландырудан 699634,0 мың теңге бөлінді. Тұрғындарға қаржылай қызмет көрсетуден 59870,5мың теңге келіп түсті. )

 

Тарихи маңызға ие ескерткіштерге жөндеу-қалпына келтіру барысында «Бауырластар зиратына», «Этих дней не смолкнет слава», Ғ.Тоқай, А.Айтиев, А.С.Пушкин ескерткіштеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

№ 2 кітапхана-филиалын ағымдағы жөндеуден өткізілді  (1868,0 т.т.); № 6 кітапхана-филиалын күрделі жөндеуден өткізу ЖСҚ-сына сараптама жасалды (626,0 т.т.); «Деркөл» МДО ғимаратына су құбыры (1200,0 т.т.); желдеткіш дайындалып орналастырылды  (2596,0 т.т.), дивандар сатып алынды  (500,0 т.т.) және «Салтанат сарайы» ғимаратының  конференция залы үстелдерін қалпына келтіру жүргізілді (2628,0 т.т.). 

 «Деркөл мәдени- демалыс орталығы» МКҚК, «Жастар мәдениет үйі» МКҚК-ның «Салтанат» би ансамбліне, «Мәдени- ағарту бірлестігі» МКҚК-ның балалар хоры және домбырашылар ансамбліне сахналық костюмдер, жарық-музыка апаратурасы, акустикалық жүйе кешеніне динамиктер, электропианино және «Мәдени- ағарту бірлестігі» МКҚК ұжымдарына музыкалық аспаптар, қалалық кітапханаларға жиһаз және оргттехника алынды.

2018 жылы  кітапханаларды әдебиетпен қамту жұмыстары жақсарып, жалпы соммасы 19438,5 мың теңгені құрайтын 11506 дана кітап алынды, оның 7814 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиет. Соммасы 4237,2 мың теңгені құрайтын 2018 жылдың 2 жартыжылдығы мен 2019 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілді.

(2017 жылы кітапханаларды әдебиетпен қамту жұмыстары жақсарып, жалпы  соммасы 15816,6 мың теңгені құрайтын  15471  дана кітап алынды, оның 10542 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиет. Соммасы 3804,9  мың теңгені құрайтын 2017 жылдың 2 жартыжылдығы мен 2018 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілді.)

 

Тұрғындарды мәдени-демалыс шараларымен қамту мақсатында есепті мерзім ішінде 14006 мәдени шара өткізіліп, оған 337500 адам қатысты.

 (2017 жылы 13998 мәдени шара өткізіліп, оған 337250 адам қатысты).

 

Мәдениет мекемелерінде Президент пен Үкіметтің бағдарламаларын,  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында үнемі жоспарланған жұмыстар жүргізіліп отырады.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің барлық бағынысты мекемелері «Жаңа жыл»,  «Масленица – Қысты шығарып салу», «Алғыс айту күні», «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Мектеп бітіруші түлектер кеші», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні», «Астана күні», «Мен қазақпын» мега жобасының Республикалық байқауы, «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні», «Қала күні», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» сияқты мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерейтойлар мен даталы күндерге арналған мәдени-көпшілік шараларды өткізуде белсенді жұмыстар атқарды.

Есепті кезеңдегі атаулы шаралардың бірі «Наурыз» мемлекеттік мерекесі болды. Мереке аясында 14 наурыз күні № 5 және 2 қалалық маршруттарда «Көрісу күні» акциясы ұйымдастырылып, Д.Нұрпейісова көшесі Н.Островский атындағы театр алаңында көрісу күніне арналған «Бір жасыңмен» атты мерекелік шара өткізілді.

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикамыздың танымал күй шеберлерінің қатысуымен "Алтын жүрек домбыра" атты күйшілер концерті, дәстүрлі «Бабалар мұрасы» атты әнші – термешілер концерті, Республикалық конкурстардың лауреаты Ақылбек Өтешевтің «Жыр – жүректің бұлбұлы» атты жыр кеші, "Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концертмейстрі, дəулескер күйші Батыржан Мықтыбаевтың "Туған елге тарту" атты күй кеші өтті.

Фотосуретші Р.Халеловтың «Ұлы даладан ескен самал жел» көшпелі фотосурет көрмесі ашылды.

Халықаралық би күніне арналған «Би Әлемінде - 2018» атты облыстық фестивалі, қалалық скрипкашылар ансамблінің «Пою тебе, земля моя» атты мерекелік концерті, "Ұлы дала дүбірі" атты "SARMAD" этно - фольклорлық ансамблінің концерті, қалалық үрмелі аспаптар ансамблінің, орыс халық аспаптар оркестрінің, Қалалық скрипкашылар ансамблінің, вокалды аспаптар ансамблінің, Халықтық «Сударушка» және «Ағалар әуені» ансамблдерінің шығармашылық есеп беру концерттері өткізілді.

Жас таланттарды анықтау мақсатында да біраз шаралар атқарылуда, атап айтсақ 18 сәуір күні Жастар мәдениет үйінде қалалық балалар шығармашылығының «Балдәурен» фестивалі өткізілді.

«Қала күні- 2018» мерекесі аясында ІІ «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі, “Қазақстан киносының апталығы” кинофильмдер көрсетілімі, “Орал-Опера” классикалық саз кеші, “Қала күні – 2018” мерекесі аясында кешкілік дискотека, “Променад” және П.Атоян атындағы стадионда мерекелік салтанатты бағдарлама өткізілді.

         Аталған бағдарламаларға Айзада Қапонова, Олжас Абай, Айдана Меденова, Тәуекел Мүслім, т.б. Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, Қазақстан эстрада жұлдыздары және қаламыздың шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары қатысты.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні» мерекесі аясында Қалалық көрме залында фотосуретші Виктор Предыбайлоның «Елін сүйген Елбасы» фото көрмесі, Жастар мәдениет үйінде концерттік бағдарлама, «Деркөл» мәдени- демалыс орталығында» орыс халық аспаптар оркестрінің концерттік бағдарламасы өтті. «Адал жол – Честный путь» республикалық марафоны аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

6 желтоқсан күні  Жастар мәдениет үйінде қалалық скрипкашылар ансамблінің  шығармашылық кеші, 13 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мерекесіне орай балалар аула клубтарының есеп беру концерттік бағдарламасы өтті.

«Жаңа жыл» мерекесін атап өту барысында, дәстүрлі шаралармен қатар 21 желтоқсан күні жаңа алаңда қаланың Бас шыршасын жағу рәсіміне орай театрландырылған концерттік бағдарлама өтті. 19-20 желтоқсан күндері  Жастар мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасы балаларына арналған Орал қаласы әкімінің қайырымдылық жаңа жылдық ертеңгіліктері өткізілді. 31 желтоқсан күні Абай алаңы мен жаңа алаңда қаланың шағын аудандары мен кенттік округтері тұрғындарына арналған театрландырылған концерттік бағдарлама өткізіліп, мерекелік отшашу ұйымдастырылды.   

 

         Мәдени-ағарту бірлестігі құрамына 17 балалар аула клубы, «Ардагер» ардагерлер клубы, “Жас ұрпақ” жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығы, Гагарин атындағы балалар кинотеатры, Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі, Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйі, 5515 әскери бөлім құрамында жұмыс жасайтын Халықтық мәдениет университеті кіреді. Сонымен қатар ардагерлер ұжымдары: Халықтық «Әже сәлемі», «Ару Аналар», «Ағалар әуені» ансамблдері жұмыстанады.

Сонымен қатар «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК базасында үшінші жыл Батыс Қазақстан облысындағы жалғыз балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас бүркіт» патриоттық қоғамдық бірлестігі қызмет етуде.

«Арай» балалар аула клубы негізінде 2012 жылы Қазақстан халқының кіші балалар Ассамблеясы құрылып, табысты жұмыс жасап келеді. Ол жерде әр ұлт өкілдерінің балалары елімізді мекендеген ұлттардың салт-дәстүрлерімен танысады.

Мәдени-ағарту бірлестігі филиалдарында әр түрлі бағыттағы көркемөнерпаздар үйірмелері, клубтық бірлестіктер, спорттық секциялар қызығушылықтары бойынша 2375-ден астам адам айналысатын жалпы 97 клубтық құрылым жұмыс жасайды.

1 маусымдан бастап 4 жас пен 16 жас аралығындағы 3000 баланы қамтитын 18 жазғы алаңқайлар жұмыс істеуде. Алаңқайларда арнайы мекеме мамандарымен кездесулер ұйымдастырылып, әртүрлі мәдени және спорттық іс-шаралар,  аула клубтары арасында спорттың әр түрінен қалалық спартакиада өткізіліп тұрады. Жазғы маусымда 450-ден астам шара өткізіліп, 15000-ден астам балалар мен жасөспірімдерді қамтыды.

Мәдени – ағарту бірлестігінің шығармашылық құрамы барлық мемлекеттік және халықтық мейрамдарға, мерекелік және есте қаларлық даталарға кәсіби деңгейде белсене қатысып отырады. Мәдени – ағарту бірлестігі филиалдарында есепті мерзім ішінде 16210 іс-шара өткізіліп, оған 142425 көрермен қатысты.

 (2017 жылы 15950 мәдени шара өткізіліп, оған 142105 адам қатысты. )

 

Жастар мәдениет үйі ұжымы мәдени-көпшілік және ағарту жұмыстарында үлкен белсенділік танытып келеді. Жастар мәдениет үйі құрамында орыс халық аспаптар оркестрі, вокалды - аспаптар ансамблі, скрипкашылар ансамблі, қалалық «Оралым» фольклорлық ансамблі, ағымдағы жылы құрылған «Салтанат»би ансамблі, 3 ақылы және 8 ақысыз үйірмелер мен студиялар жұмыс істейді. Соның ішінде: терме және баян, домбыра, “Әуен”, «Нұрай» би үйірмесі, «Достық» вокалды-хор студиясы, эстрадалық цирк студиясы, мәнерлеп оқу үйірмесі бар.  Бұл үйірмелерде 500-дей адам айналысады. Жастар мәдениет үйінің құрамына кіретін  «Салтанат Сарайы» және қалалық көрме залы бар. Көрме залында жыл бойына 35 көрме өтіп, оған 16135 адам қатысты.

  2018 жылы Жастар мәдениет үйінде 381 іс-шара өткізіліп, оған 54096 көрермен қатысты.

  (2017 жылы Жастар мәдениет үйінде 378 іс-шара өткізіліп, оған 52605             көрермен қатысты).

 

2018 жылы Қалалық мәдениет және демалыс саябағында мемлекеттік және халықтық  «Масленица – Қысты шығарып салу», “Наурыз”  мейрамы, «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Мәдениет және өнер қызметкерлері күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Астана күні», «Қала күні», кәсіби мерекелерге арналған түрлі шаралар, акциялар өткізілді. Барлығы 122 мәдени-көпшілік іс-шара өткізіліп, бұл шараларға  82000-нан астам адам қатысты. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында 760500 демалушылар болды.

(2017 жылы  бойынша барлығы 109 мәдени-көпшілік іс-шара өткізіліп, бұл шараларға 79000-нан астам адам қатысты. Жазғы маусымның ашылуынан бастап қалалық мәдениет және демалыс саябағында 760 000 астам демалушылар болды.)

 

2011 жылғы қараша айынан «Деркөл» мәдени-демалыс орталығы МКҚК өз жұмысын бастады. Аталған бөлімше «Деркөл» МҮ және Деркөл ауылында орналасқан жаңа мәдениет саябағы негізінде құрылды.  МКҚК құрамында қалалық үрмелі аспаптар оркестрі, «Сударушка» Халықтық ансамблі», «Калинка» ансамблі, «Жайық самалы» және «Деркулочка» вокалдық топтары, 7 үйірме қызмет жасайды (үйірмелерде 100-ден астам балалар жұмыстанаты).

2018 жылы 196 шара өткізіп, оған 10085 көрермен қатысқан.

 (2017 жылы 186  мәдени шара өткізіліп, оған 9345  көрермен қатысқан.)

 

Қалада орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрамына кіретін 19 мемлекеттік кітапхана жұмыс жасайды. Олардың құрамында Горький атындағы қалалық кітапхана, Пушкин атындағы балалар кітапханасы, 15 қалалық кітапхана филиалдары, 2 балалар кітапханасы бар.

Қала кітапханаларының кітап қоры 6527849 (641531) дананы құрайды (оның ішінде 135568 (125954) данасы қазақ тілінде).

Есеп беру мерзімі ішінде 51685 (50561) оқырманға кітапханалық қызмет көрсетіп, 1136763 (1127379) дана кітап берілімін жасады. Әр түрлі тақырыптарда 1376  (1219) көпшілік шаралар ұйымдастырылып, 1508 (1290) кітап көрмесі мен тақырыптық сөрелер жасақталып, 43318 (39345) адам қамтылды.

ОКЖ-де қызығушылықтары бойынша 23 клуб жұмыс жасап, оқырмандарды кең көлемде қамтып отыр.

Оқырманға кітапты барынша жақындату мақсатында ОКЖ-де 35 әдебиетті беру орындары ұйымдастырылып, жұмыс жасауда.

  Кітапхананың жұмысын насихаттау ісі БАҚ арқылы жүргізіледі. Тұрақты түрде «Календарь знаменательных и памятных дат» атты радиобағдарлама шығарылып, жергілікті баспасөзге мақалалар жазылып тұрады. Жалпы газет беттерінде 154 мақала (41-республикалық, 113-жергілікті басылымдарда) жарияланып,  6 телевизиялық түсірілім жасалды.  

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде нақты жоспар жасалып, бағдарламада көрсетілген бағыттар бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету,  үйлесімді тіл саясатын құру мақсатына қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін нысаналы индикатор көзделген:

1. "NIDS"  қоғамдық бірлестігінің жүргізген әлеуметтік сауалнамасының қорытындысы бойынша Орал қаласында 308 600  адам тұрады. Оның   66%  қазақтар, 30% орыстар, ал қалғандары өзге ұлт өкілдері. 2018 жылғы есептік кезеңде мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қызметкерлер (мұғалімдер, дәрігерлер, балабақша тәрбиешілері, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, тех персонал және т,.б) жеке кәсіпорындар, мектеп оқушылары мен орта арнаулы және жоғару оқу орнынының студентері, қала тұрғындары қатысқан сауалнаманың мониторингі бойынша Орал қаласының  65%  тұрғыны мемлекеттік тілді меңгерген.

Аталған индикатордың көрсеткіші «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша 49 мемлекеттік қызметші сертификаттық тестілеуден өтті. «ҚР Президенті жанындағы МБА» РМҚК БҚО бойынша филиалында 3 мемлекеттік қызметші мемлекеттік тілді ақылы түрде оқыды. Қала тұрғындарына ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту курсында 94 адам оқытылды.

2. Жыл сайын ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың саны өсуде. Ағымдағы жылы 49 адам ағылшын тілін оқытудың тегін курсынан өтті. "NIDS"  қоғамдық бірлестігінің жүргізген әлеуметтік сауалнамасының қорытындысы бойынша Орал қаласы бойынша ағылшын тілін меңгерген тұрғыдардың үлесі  22%-ді құрады. Жүргізілген мониторинг бойынша Орал қаласында 20 дан астам ағылшын тілін оқу орталықтары жұмыс істеп жатыр. Бұл орталықтарда жасы 5 тен 35 жасқа дейінгі қала тұрғындары ағылшын тілін үйренуде. Қаланың барлық мектепке дейінгі ұйымдары мен жалпы орта білім беретін мектептерінде үштілділік бағдарламасы енгізілген. Қаладағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 2018 жылға жоспар бойынша 21%.

3. Қаладағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі 2018 жылға жоспар - 14%. Ағымдағы жылы "NIDS" қоғамдық бірлестігінің жүргізген әлеуметтік сауалнамасының қорытындысы бойынша қала бойынша үш тілді мемлекеттік, орыс және ағылшын меңгерген тұрғындардың үлесі 15% . Жүргізілген сауалнама бойынша үш тілді негізінен - Орал қаласында орналасқан мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студентері, мемлекеттік қызметкерлер мен оқытушылар меңгерген.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша 2018 жылға 17 іс-шараға 3млн 141мың теңге қаражат қаралып, толық игерілді. Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына бағытталған шараларға үкіметтік емес ұйымдар  облыстық Қазақ тілі қоғамы, Жайық таңы ҚБ, Телегей ҚБ  т.б. тартылды.

Есепті кезеңде индикаторлық және нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында атқарылған шаралар:

Ұлт пен ұлысты мемлекеттік тілдің төңірегіне топтастыру мақсатында өткен  қалалық тіл фестивалі аясында 4 байқау ұйымдастырылды. Оларға 150-ге жуық үміткер қатысып, 2000 жуық көрермен қамтылды.

Тіл саясатын жүргізу бағытында өткен шаралар:

• Орал қаласына қатысты кент, село тұрғындарымен «Көп тіл білу-көкжиекті кеңейтеді - Знание языков-расширяет горизонты» атты достық акциясы Телегей ҚБ-нің ұйымдастыруымен 25-29 тамыз күндері өтті.  

• Қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен «Ономастика – рухани тұтастық негізі» атты  дөңгелек үстел 11 қыркүйекте қала әкімдігінің үлкен  залында өтті.

• «Көрнекі ақпаратта тіл нормаларының сақталуы: мәселелер мен шешу жолдары» атты дөңгелек үстел 30 қазанда кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында өтті. Шараға тілдерді дамыту, ішкі саясат басқармаларының, кәсіпкерлік, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен жарнама агенттіктерінің өкілдері, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері, заңгерлер, тіл жанашырлары қатысты.

• «Тіл - ұлттың асыл қазынасы» жаңа әліпбидің қыр-сырын  меңгерту мақсатында әкімдік мамандарына дәріс-сабақ тіл айлығы аясында 14 қыркүйекте қала әкімдігінің кіші залында өтті. 

• Мемлекеттік тілде қызмет көрсететін үздік мекеме байқауына қатысқан жүлдегерлер облыстық турға қатысып, жүлделі орын иеленді. 

• Балалар үйінің балабақша және мектеп бүлдіршіндері арасында қалалық  «Бала тілі - бал» сайысы 12 қыркүйекте облыстық филармония залында өтті.

·Дәстүрлі Жұбан оқулары 4-5 қазан күндері  ақынның туған күніне орай «Ақжайықтың тұмары, жасын жырдың Жұбаны» тақырыбымен ұйымдастырылып, байқауда 17 үміткер 4 кезең бойынша бақ сынады. 

• Қалалық Сәкен оқулары сайысы 15 қазанда  Жастар мәдениет үйінің концерт залында өтті. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» қалалық акциясы барысында «Менің сүйікті өлеңдерім» қолжазба кітаптар көрмесі,  «Сахара сұңқары»   суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

• Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған қалалық тіл айлығының  қорытынды кеш Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні аясында өткізілетін «Тіл – бірлік бесігі» атты қалалық тіл айлығының қорытынды кеші 25 қыркүйекте Жастар мәдениет үйінде  тіл жанашырлары, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, жастар, мұғалімдердің қатысуымен өтті.

·Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде арнайы кабинет ашылып, латын графикасын үйрету бойынша сабақтары өтті. 14 қараша күні латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру мақсатында жалпыхалықтық диктант  өткізіліп, оған 300-ден астам қызметкерлер қатысты.   

· Орал қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сынып пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне 27-28 желтоқсанда   Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінде «Латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиінің таңбалану нормалары мен жазу дағдыларын қалыптастыру мәселелері» тақырыбында тәжірибелік семинары өткізілді. Сондай-ақ,  республикада алғаш рет ашылған латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиін практикалық тұрғыдан меңгеруге арналған «Цифрлы әліпби» оқу-ақпараттық интерактивті сайтының таныстырылымы өтті.

Ономастика бойынша 2018 жылы Орал қаласы бойынша 1 алаң, 1 сквер, 4  шағынаудан, 222 көше барлығы 228 нысан жаңа атаумен аталды. Орал қаласында 145 атау, Круглоозерное – 30, Зачаган – 42, Желаев – 11 атау.  Барлық ауыстырылған 228 атаудың 103-жаңа атау, 111-қайта атау, 8-аударма, 6-транскипция.

 

Сонымен қатар шешімін таппай жатырған мәселелер де бар.

Қаланың жаңа шағын аудандарында балалар мен жасөспірімдерге және әлеуметтік топтарға мәдени-көпшілік шаралар мен ақпарат жұмыстарын  ұйымдастыру  жеткіліксіз.

Қала тұрғындарын сапалы және кең көлемді мәдени - көпшілік  жұмыстармен қамтамасыз ету үшін, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне шығармашылық ұжымдардың жұмысын жандандыру үшін, аппаратуралар мен                    көліктер алу және шығармашылық ұжымдарды қаржыландыру қажет.
         Мәдениет мекемелерінің одан әрі тиімді жұмыстар жүргізуі үшін ет комбинаты, 4,6,9 шағын аудандарда,  Зачаганск, Желаев, Серебряково, Круглоозерное  кенттік округтерінде кітапханалар, мәдениет үйлері, балалар аула клубтары жүйесін кеңейту және олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту қажет. Атап айтсақ:

- кітапханаларды компьютерлермен жабдықтап, ғаламтор жүйесіне қосу;

- кітапханалық арнайы жиһаздар алу ( кітап беру кафедралары, картотека, көрме сөрелері, т.б.);

- кітапханалар мен аула клубтарын ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу;

- қаланың мәдени ұжымдарына автокөлік алу (орыс халық аспаптары оркестріне, әуенді аспаптар ансамбліне, скрипкашылар ансамбліне) кітапханаларға арналған библиомобиль.

 

2019 жылға жоспарланған:

- № 6 кітапхана-филиалын күрделі жөндеуден өткізу.

 - Жастар мәдениет үйін  күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындау.

- «Салтанат Сарайы» ғимаратын күрделі жөндеуден үшін техникалық тексеру және ЖСҚ дайындау.

- «Деркөл» МДО» ғимаратын күрделі жөндеуден үшін техникалық тексеру және ЖСҚ дайындау.

- Балалар аула клубтарына ағымдағы жөндеу.

- Қаланың мәдениет ошақтарына автокөліктер алу. 

- Дыбыс күшейткіш, жарықтандыру аппаратураларын алу.

- Жаңа ескерткіштер ашу және қайта жөндеу.

- Қаланың мәдениет мекемелерінің ұжымдары мен әртістеріне сахналық костюмдер дайындау.