Басшылық

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Мухангалиев Куанышбек Жанболатович

Қабылдау уақыты: Жұма күні 17:30 дан 18:30 дейін

 

2. Бөлім басшысы – Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлы

2.1 Қабылдау уақыты: әр жұма күні 17.30-18.30 дейін

2.2 Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлы 1987 жылы дүниеге келген.

Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлы Құрманғазы атындағы Орал саз колледжін «Аспапта орындаушы» мамандығы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша аяқтады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранты.

2003-2005 жж. Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің артисі (Орал қаласы);

2005-2013 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жетекші артисі (Алматы қаласы);

2011-2013 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық музыка факультетінің ұстазы (Алматы қаласы);

2013-2014 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Музыка өнері басқармасының инспекторы, (Астана қаласы);

2014-2016 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің Кинематография және театр онері және Музыка өнері басқармаларының бас сарапшысы (Астана қаласы);

2015-2016 гг. Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Канцеляриясының әлеуметтік – экономикалық бөлімінде тәжірибеден өтті. (Астана қаласы);

2016-2017 жж. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музейлер және кітапханалар ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы (Астана қаласы);

2017 жылғы 10 шілдеден Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы (Орал қаласы).